Гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – ұлтымыздың баға жетпес байлығы. Әрбір қазақстандық үшін азаттықтан асқан ұлы ұғым, Тәуелсіздіктен асқан биік тұғыр жоқ.
Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 31 жыл толды. 16 желтоқсан күні облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған өңірдегі басшылар мен зиялы қауым өкілдері «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қойды.
***
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы азаттық үшін алысып, ел үшін жан пида еткен батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Тәуелсіздік күні облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Азаттық жолында құрбан болған боздақтардың рухына құран бағышталды. Шараға желтоқсаншылар мен «Аmanat» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері де қатысты.«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




