Басты мақсат – қауіптің алдын алу
Қаһарлы қыстың тосын сыйы көп. Ал біз қандай сый болмасын, сақадай-сай болуымыз керек. Мойынқұм ауданында сақтық шараларын пысықтаған «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны ойдағыдай өтті. Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру кезінде басшылық құрам мен командирлердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруді мақсат еткен оқу-жаттығу азаматтық қорғау құрылымдарымен өзара іс-қимылда міндеттерді орындау кезінде авариялық-құтқару құрамаларын түгендеді. Авариялық-құтқару құрамаларының төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын тексеру, төтенше жағдайларды жою бойынша тәсілдер мен іс-қимылдарды жетілдіру ерекше назарға алынды.
Аудан әкімінің орынбасары Жақсыбек Исақов сапты аралап, жедел ден қою жасақтарының әзірлік деңгейі мен басқа да қажетті құрал-жабдықтарын тексеріп, арнайы жаттығуларын бақылады.
Ауданда төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға арналған 2 шатыр (ішіне 50 адамды орналастыру үшін темір төсектер, көрпе, жастық, матрас бар), халықты құлақтандыруға арналған 2 дабыл бергіш, 2 800 қап, 50 дана жалпақ күрек, 20 құтқару желеткесі, 9 жұп етік, 6 мотопомпа, тағы басқа құрал-жабдықтар алынған. Азаматтық қорғау және төтенше жағдай құрамында 69 адамнан құралған 8 командалық топ, 20 техника болды.
Азаматтық қорғау және төтенше жағдай құрамы аудан орталығындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінің қазандығында шартты түрде ақау шығуына байланысты өткізген оқу-жаттығуды жүйелі жүргізді. Жаттығу барысында командалардың атқаратын міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кейбір қызметтер әлі де болса материалдық-техникалық жетілдіруді қажет ететіндігі айтылды.
Қуаныш КӨБЕНҒАРАЕВ,
журналист.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді