Жер қатынастары саласы цифрландырылуда
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі – қызметтерді цифрландыру, халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және оны сапалы көрсету болып табылады.
Жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда, халыққа қолжетімділікті арттыруда көптеген жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Электронды үкімет порталы арқылы «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру» қызметі іске қосылып, жыл басынан бері аталған қызмет арқылы облысымызда 60 мыңнан астам тұрғынның өтініші қабылданды.
«E-License» порталына (әрі қарай – Портал) жер қатынастары саласы бойынша 8 қызмет түрі енгізілген.
- Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
- Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;
- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
- Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
- Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату;
- Елді мекен шегінде нысан салу үшін жер учаскесін беру;
- Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Бақтияр КӨПБОСЫНОВ,
облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді