Сенім мен серпін

Сенім мен серпін
ашық дереккөз
Сенім мен серпін

«Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалының ХІІІ есеп беру – сайлау конференциясында партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғар Жұмабек есепті баяндама жасады.

– Партияның аудандық филиалы алдағы өткен партия конференциясында алға қойған басты мақсаттар мен негізгі міндеттерді толығымен орындады. Есепті мерзім ішінде партия қатары толығып, қанаты қатайып, саяси құрылым ретінде бастауыш партия ұйымдары нығая түсті. Партияның қазіргі жұмысы жауапкершілік, жариялылық, есептілік және ашықтық қағидаттарына негізделгенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бұл үлгілі үдеріс «Шолақтау», «Игілік», «Аққұм», «Кітапхана», «Ақкөл» бастауыш партия ұйымдарына тән, деді баяндамашы. Ауданда 41 бастауыш партия ұйымдары бар, оларда 4932 нұротандықтар біріктірілген. Өткен жылы ғана партия қатарына 173 мүше тартылды. Мәселен: биылғы жылдың осы мерзімі аралығында партияның арнайы жобалары бойынша 171-ге жуық шара өткізіліп, оларға 41283 адам қатысты. Бүгінгі таңда аудандық филиалдың материалдық-техникалық базасы нығайтылып, күрделі жөндеуден өткізілген ғимаратқа орналасып, автокөлікпен қамтамасыз етілді. Десек те, ауданның аграрлық саланың басымдылығына қарамастан, партия мүшелерінің 4 пайызы ғана ауыл шаруашылығында жұмыс атқаратындар. Осындай жағдай 3 пайыздық көрсеткішпен шағын және орта бизнес, экономика және қызмет көрсету салаларында орын алып отыр. Баяндамашыдан кейін жарыссөзге партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Д.Мәселбеков, Қаратау технология, білім, бизнес колледжінің студенті Х.Ахметова, партия ардагері Т.Сейдуанов, аудан әкімі Б.Рысмендиевтер қатысып, сөз сөйледі. Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш.Тілеумұрат қатысып, сөз сөйлеп, аудандық филиал жұмысына оң бағасын берді. Басқосуда ұйымдастыру мәселесі қаралып, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағалығына аудан әкімі Б. Рысмендиев сайланды. Конференция сондай-ақ партия облыстық филиалының ХІV есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлады.

Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар