«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ел байлығы – әр шаңыраққа

Ел байлығы – әр шаңыраққа
ашық дереккөз
Ел байлығы – әр шаңыраққа

Біздің әрқайсымыз өз капиталымызды арттырудың жолын іздейміз. Біз артық қаражатты түрлі заттарға жинаймыз. Олардың ішінде ең кеңінен тарағандары – банктік депозит, валюта сатып алу, яғни бағамдағы айырмашылықтан табыс алу мүмкіндігі және тағы басқалар. Яғни, қомақты ақшаны салымға жұмсамай, жоғары пайыздарды алу тәсілі?! Акцияға қаражат жұмсау керемет нұсқа болып табылады. Адамдардың көбі қор нарығын үйренуді, оқудан өтуді, саудаласып көруді бастауда. Нарықтың дамуы үшін және жаңа акционерлердің – жеке тұлғалардың барынша көбі өздерін салымшы ретінде сезінуі үшін мемлекет «Халықтық IPO» бағдарламасын іске қосты. «Халықтық IPO» деген не?! Бұл ірі мемлекеттік компаниялардың акцияларын, тек Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында сату. Қарапайым IPO-дан оның басты ерекшелігі – акцияларды бірінші кезекте тек сол елдің азаматтары ғана сатып ала алады. Сонымен қатар жас ерекшілігі 18 немесе 60 жас болсын, табысыңыз, біліміңіз, қызмет салаңыз қандай екендігі маңызды емес. Сіз акцияларды кез-келген сомаға сатып ала аласыз, бұл сіз салым сала алатын еркін қаражат. 5 қарашадан 3 желтоқсанға дейін барлық қазақстандықтарда ең ірі «KEGOC» АҚ ұлттық компаниясының акцияларын сатып алу мүмкіндігі бар. Акциялар нарықтың болжауларына кепілге алынған жеңілдіктермен сатылады және бір акцияның құны 505 теңгені құрайды. Сіз сатып ала алатын акциялардың ең кем мөлшері – 1 акция, ең көп – 14 дана. Егер, сіз «Халықтық IPO» туралы білгіңіз келсе, сіз Қазақстанның 12 қаласында күнделікті өтетін, «Фридом Финанс» ақысыз семинарларына қатыса аласыз. Егер, сіз бағдарламаға қатысуға дайын болсаңыз, онда сізге брокерлік шартты жасау керек. Шотты ашу және акцияларды сатып алу үрдісі көп уақытты алмайды. Сіз Тараз қаласындағы «Фридом Финанс» компаниясының кеңсесіне барып, тек бір құжат – жеке куәлікті беруіңіз керек. «Фридом Финанс» компаниясының қызметкері сізге Орталық депозитарияда сізге шот ашады. Сіз кез-келген банк арқылы ОД-де өз шотыңызға ақша салу және өзіңіздің брокеріңізге акцияларды сатып алу үшін бұйрық беру керек. Сондай-ақ, «Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу барысында сізде комиссияға көп шығын болмайды. Мысалға, егер сіз акцияны 20000 теңге сомасына алғыңыз келсе, онда сіздің комиссияға шығыныңыз тек 103,8 теңгені құрайды.

Бағдарламаның қатысушысы ретінде сіздің мүмкіншіліктеріңіз: • Банктік пайыздан жоғары, қосымша пассивті табыс алу; • Қазақстан экономикасын дамытуға қатысу; • Акциялардың құны өскен жағдайда, сіз оларды кез-келген уақытта сатып, құндағы айырмашылық есебінен табыс ала аласыз; • Сіз жыл сайынғы дивидендтерді алуға құқылысыз (% таза табыстан); • Акцияларды мұрагерлік бойынша беруге болады; • Сіз ұлттық компанияны басқаруға қатыса аласыз, яғни акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру мүмкіншілігіңіз бар; • Осы акциялар бойынша табыстылық салық салудан босатылған; • Компания таратылған жағдайда сіз заңмен бекітілген кезектілікке сәйкес, мүліктің бөлігіне құқылысыз.

«Халықтық IPO» бірінші кезеңінің қатысушылары қанша табыс тапты?! («ҚазТрансОйл» акцияларының иегерлері). Мысалда қарап көрейік.

Салымдардың сомасы (акцияларды сатып алған сома) = 50000 теңге. Егер, акционер өз акцияларын ұстап тұрса және қазіргі күнге дейін оларды сатпаса, онда ол келесі табысты алды: Төленген дивидендтердің жалпы көлемі = 25,3% құрады. Акциялардың құны 54% өсті. Акция иегерінің табысы = 79,3%. 25,3% + 54% = 79,3% 50000 теңге * 79,3% = 39650 теңге Активтер: 50000 + 39650 = 89650 теңгені құрады.

КEGOC акцияларын неге сатып алу керек – тиімді және сенімді 1. Компанияның акциялары құнында өсетін болады, өйткені олар Қазақстан экономикасының «көк текшесі» болып табылады. 2. Акционер ретінде Сіз дивидендтер аласыз. 3. Адамдар үйлерінде жарықты қосуды және күнделікті құралдарды пайдалануды тоқтатпайды, электр тұтыну жылдан жылға өсуде, ал бұл, КEGOC компаниясы кеңейіп, үлкен табыстарға қол жеткізеді дегенді білдіреді. 4. Мемлекет компанияға көмек көрсетеді және елдің электр энергетикалық жүйесіне қаражат бөледі. 5. Компанияның ТОП-менеджменті Қазақстанның электрлік сектор компанияларындағы басшылық лауазымдарда үлкен тәжірибеге ие, ол қаражат салған жобаларды сауатты іске асыруға көмектеседі. 6. КEGOC компаниясы бірден-бір монополисті болып табылады. 7. КEGOC акционерлерге дивидендтер төлеуге таза табыстан шамамен 30% жібереді.

Ұқсас жаңалықтар