Жоспарлы оқу-жаттығу өтті
Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Оқу-жаттығуды өткізуге Тараз қаласының No2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру және авариялық- құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарынан 3 техника мен жеке құрамның 18 маманы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының 2 қызметкері мен 1 автокөлігі жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың басты мақсаты – өрт сөндіру қызметінің басшы және қатардағы құрамының нысандағы шартты өртті сөндіруді ұйымдастыру мен тактикасының барлық мәселелерін практикалық пысықтауы, сондай-ақ нысан қызметкерлерімен өзара іс-қимылдарды нақтылауы болды.
Жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес, өрт колледж аумағындағы жатақхана бөлмелерінің бірінде болған. Студенттердің, қызмет көрсетуші мамандардың өмірлеріне және жақын орналасқан ғимараттарға өрттің таралу қаупі төнді.
Оқиға орнына шығу кестесіне сәйкес No2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Келген өрт сөндірушілер дереу шартты өртті сөндіруге кірісті. Барлау барысында жатақханада екі студент қалғаны анықталды. Газ- түтіннен қорғау қызметінің буыны зардап шеккендерді жедел құтқарып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.
Жеке құрамның алдына қойылған міндеттер ойдағыдай орындалды, оқу- жаттығу нәтижесінде шартты өрт жойылды. Оқу-жаттығу қорытындысында ескертулер мен кемшіліктерді көрсете отырып, талдау жүргізілді.
Ұқсас жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: биыл 800 мың тонна қоқыс қалдығы жиналды
- 4 желтоқсан, 2025
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




