Азаматтардың өтініші ескерусіз қалмайды
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Тараз қаласы, Байзақ, Талас аудандарынан жазылған тұрғындар түрлі мәселелерді көтерді. Айталық, таластық көпбалалы ана жеке тұрғын үй құрылысы үшін Тараз қаласынан жер беруді сұраса, байзақтық азамат дүкен салу үшін орын керектігін жеткізді.
Ал тараздық Сәкен Садықов өзінің қолөнер бұйымдарын және сүт өнімдерін сатумен айналысуға ниетті. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға оның ұсынысын жан-жақты зерделеп, мүмкіндігінше қолдау шараларын ұйымдастыруды тапсырды.
Сондай-ақ жаттықтырушы Гузалия Гафурова спорт саласына қатысты жобаларын ұсынды.
Облыс әкімі барлық өтініштерді мұқият тыңдап, мәселелер заң аясында шешілетінін атап өтіп, жауаптыларға мүмкіндіктерді қарастыру бойынша міндеттер жүктеді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




