Сандық технология тұрмысымызға енді
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – тұрғындардың өмір сапасын арттыру әрі ұлттық экономиканы цифрландыру. Көптеген дамушы елдер бұл бағытта қаржысын да, ресурстарын да аяп жатқаны жоқ. Жаһандық жүйеде белсенді дамып келе жатқан елдердің қатарында Қазақстан да бар. Егер қарапайым тұрғындар сандық технологияны жетік меңгерер болса, қажетті ақпаратқа қол жеткізу, үкіметпен тығыз байланыс орнату да жеңілдей түседі.
Ақпаратты алмасу мен сақтауда алға басар тетік көп. Қарапайым ғана мысал, сымсыз телефондар, желілік арналар – осындай іс-әрекеттердің көрінісі. Семинарда осындай келелі мәселелер көтеріліп, түрлі ұсыныстар ортаға салынды. Ұстаздар тарапынан шеберлік сабақтары да өтті. Тұрғындардың кеңжолақты ғаламторға қолжетімділігі қоғамның сандық сауаттылығының артуы және электронды жүйенің шарықтауы – әлеуметтік-тұрмыстық сұраныстарды жеңілдетеді.
Бүгінде кез келген мемлекеттік басқармаларға интернет желісі арқылы сұрау тастау мүмкіндігі мол. Сандық технологияның ең үздік жетістігі де осы. Сонымен бірге, сандық технологияның экономикадағы бәсекелестік пен әлеуметтік тұрмысын жақсартудағы атқаратын жетекші рөлі зор. Озық елдер тәжірибесі көрсеткендей, тиімді цифрландыру шаралары экономиканың қарқынды дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторына айналып отыр.
Үздік технология еліміздің өркениетті мемлекеттер қатарында болуы үшін бірден-бір таптырмас мүмкіндік, – деді «Сандық технологияларды тиімді пайдалану әдістері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізген мектеп мұғалімі Гүлнар Әбдікәрімова. Семинарда Ақшолақ орта мектебінің мұғалімі Ж.Әлімбаева «Цифрлы технология – болашаққа батыл қадам» коучингін өткізді. Қатысушылар тәжірибе алмасып, мазмұнды шара өтті.
Жанар БЕКТАЕВА,
Амангелді орта мектебі директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




