Белсенділер марапатталды
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Тараз қаласында заңнама талаптары мен Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес әзірленіп, өткізілді. Облыс орталығында 125 сайлау учаскесі бойынша 255430 сайлаушы тіркелген болатын. Сайлау кезінде сайлау комиссияларының 1172 мүшесі қызмет атқарды. Олар жоспарға сәйкес «Республикалық сайлау: құқықтық негіздері мен сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қашықтықтан тестілеуден өтті.
Кеше облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу мен даярлау барысында жоғары белсенділік танытқан азаматтарды марапаттады. Сайлауды ұйымдастыру және өткізу барысында жоғары белсенділік танытқан 10 азамат ҚР Орталық сайлау комиссиясының, 120 азамат облыстық сайлау комиссиясының, 20 азамат Тараз қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
5 комиссия мүшесіне шипажайларға жолдама берілді. Сонымен қатар 3 комиссия мүшесіне «Жамбыл-Тараз» газетіне бір жылдық жазылымның сертификаттары тапсырылды.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді