Басты жаңалық
Облыс әкімі 15-шағын аудандағы жылу мәселесін жедел шешуді тапсырды
- author «Ақ жол»
- 3 желтоқсан, 2022
- 637
Облыс әкімі 15-шағын аудандағы жылу мәселесін жедел шешуді тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы 15-ші «Ұлы Дала» шағын ауданында болып, жылу жүйесінің кеңейту жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, бұған дейін аталған шағын аудандағы кейбір көпқабатты тұрғын үйлердегі жылытуға қатысты мәселелер әлеуметтік желілерде көтерілген болатын. Нақтырақ айтқанда, тұрғындардың пәтерлердегі жылу температурасының төмендігіне байланысты шағымдары жиілеген. Соған сәйкес қалалық құрылыс және тұрғын үй қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері «ТаразТрансЭнерго» мекемесінің мамандарымен бірлесіп тұрғын үйлердің жертөлелеріндегі жылу тораптарын тексеру жұмыстарын жүргізген.
Тараз қаласының әкімі Бекболат Орынбековтің айтуынша, тексеру кезінде беру құбыры мен қайтару құбырындағы қысым бірдей екендігі, яғни, салқындатқыштың айналым қозғалысы жоқтығы анықталған.
Осыған байланысты, «ТаразТрансЭнерго» кәсіпорнына жылу трассасында айналымды арттыру үшін магистральдық кері жылу желісіне сорғылар орнату ұсынылған.
«ҚұрылысИнвестЖоба» ЖШС жобалау ұйымына сорғы станциясын орнату орнын таңдау және сорғылардың қуатын есептеу бойынша тиісті тапсырмалар берілген.
Облыс әкімі қыс мезгіліндегі жылу деңгейінің төмендігіне қатысты тұрғындардың шағымы орынды екенін атап өтіп, бұл мәселені бір апта ішінде шешуді тапсырды. Жауаптыларға жан-жақты жұмыстар жүргізіп, жедел шаралар қабылдау бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлт болашағын айқындайтын ең маңызды шаруалар енді басталады
- 22 қаңтар, 2026
Қайтыс болып кеткендер де дәрігердің қабылдауында болған
- 20 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




