Басты жаңалық
Ердоған: Мұсылмандар Америкада Колумбтан 300 жыл бұрын болған
- author «Ақ жол»
- 18 қараша, 2014
- 872
Ердоған: Мұсылмандар Америкада Колумбтан 300 жыл бұрын болған
Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоған мұсылмандар Американы Христофор Колумбтан 300 жыл бұрын ашқан деп мәлімдеме жасады. Латын Америкасындағы мұсылман діні басшыларының саммитінде Ердоған теңіз саяхатшысы Колумбтың күнделігіндегі жазбаларды көлденең тартқан. Онда Кубадағы дөң басындағы мешіт жайлы жазылған. Түрік көшбасшысының айтуынша, мұсылман теңізшілері Америкаға 1178 жылы барған. Эрдоған дәл сол жерге мешіт салуға дайын екендігін атап өткен. Жалпы, Колумб 1492 жылы Үндістанға жаңа жол іздемек болған әрекеті кезінде Американы ашқан болып саналады. Алайда 1996 жылы тарихшы Юсеф Мруэ мақала жариялап, онда Колумбтың күнделігіндегі жазба мұсылмандардың Американы бірінші болып ашқандығының және “Исламның кеңінен тарағандығының” дәлелі екендігін мәлімдеген болатын. Ал кейбір тарихшылар Колумб өз күнделігінде “таудағы мешіт” деген сөздерді таудың мешітке ұқсайтындығын бейнелеу үшін ауыспалы мағынада қолданды деп санайды. Сонымен қатар, мұсылмандардың Колумбқа дейін Америкада болғандықтарын білдіретін ешқандай дәлелдер жоқтығын алға тартады. Тарихи тұрғыда Солтүстік және Оңтүстік Америкаға жеткен алғашқы адамдар Азиядан болған. Олар Беринг бұғазын шамамен 15 мың жыл бұрын кесіп өткен деп саналады. Америкаға алғаш жеткен еуропалықтар Скандинавия теңізшілері екен, олар бұл құрлыққа Колумбтан 500 жыл бұрын барып қайтқан.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




