Басты жаңалық
Үздік деп танылған ауылшаруашылық еңбеккерлері марапатталды
- author «Ақ жол»
- 26 қараша, 2022
- 959
Үздік деп танылған ауылшаруашылық еңбеккерлері марапатталды
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Көрме-жәрмеңке атты іс-шара ұйымдастырылып, кең көлемде аталып өтті.
Жылдағы дәстүрге сәйкес, саланың үздіктері анықталып, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері марапатталды.
Осындай жетістіктері сараланып, еңбектері бағаланатын ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысып, ауыл еңбеккерлерін төл мерекелерімен құттықтап, үстіміздегі жылы үздік деп танылған шаруашылықтарға сый-сияпат табыстады.
Атап айтқанда, егін шаруашылығы саласы бойынша Меркі ауданындағы «Жасыл белес» шаруа қожалығы (I орын), Байзақ ауданындағы «Рахымбек» шаруа қожалығы (II орын), Шу ауданындағы «Іске сәт» шаруа қожалығы (III орын) ие болса, мал шаруашылығы саласы бойынша Т.Рысқұлов ауданындағы «Тұрғын тегі» шаруа қожалығы (I орын), Талас ауданындағы «Ақтөбе» шаруа қожалығы (II орын) және Мойынқұм ауданындағы «Көркем» шаруа қожалығы (III орын) иеленді.
Сондай-ақ, Нұржан Сәбитұлы биылғы жылғы жеткен жетістіктерге атсалысып, аянбай тер төккен еңбеккерлерге де алғысын білдіріп, бірқатар азаматтарды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері», «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгілері мен облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




