Жамбыл политехникалық колледжінің директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында алдымыздағы жылдардың жаһандық сынақтардың уақыты болатынын, Қазақстан әлемдік экономиканың бір бөлшегі ретінде осы үдерістердің теріс ықпалына тап келетінін айтты. Әлемдік тәжірибе дағдарыс жағдайларында экономикалық саясатты қайта бағдарлау жүргізілетінін көрсетеді. Елімізде 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шаралар жүргізілгені есімізде. Үкімет алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере алатын дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын жасауды аяқтағанын атап өтіп, Елбасы 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты туралы жариялады. Ол еліміздің экономикасындағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталатын болады. Биылғы Жолдауда халықты қиыншылыққа ұрындырмай, дағдарыс жағдайының өзінен пайда тауып, елдің әлеуметтік ахуалын арттыру, ұлттық қорда жиналған қаражатты тиімді пайдаланып, ел экономикасын ары қарай дамыту көзделген. Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге көлеміндегі екінші транш қаржысын бес мақсатқа бағыттауды тапсырды. Шағын және орта бизнесті, ірі кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелеуге, банк секторын сауықтыру, жаңа инвестициялар тарту, оның ішінде Атырау және Тараздағы «Ұлттық индустриялық мұнай химиясы технопаркі» арнайы экономикалық аймақтары инфрақұрылымдарына 81 миллиард теңге бағыттауды, «ЭКСПО-2017» кешені құрылысын жалғастыруды несиелеуге, Астананың көліктік инфрақұрылымын дамытуға, жаңа терминал құрылысы мен ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту үшін 29 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Жолдауда көрсетілгендей, мектептерді жөндеуге және жаңалауға 20 миллиард, жолдар салуға 70 миллиард теңге бөлінетін болады. Жолдарды салу барысында жаңадан 200 мыңдай жұмыс орындары ашылады. Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Жолдар – өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі болып, ел ішінен тың нарықтар ашады. Аталған құрылысқа қажетті мамандарды Жамбыл политехникалық колледжі де даярлайтын болады. Нәтижесінде біздің түлектер де жұмыспен қамтылады. Алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні. Үкіметке бөлінетін қаржының тиісті бағыттар бойынша тиімді және орынды жұмсалуын қамтамасыз етуді жүктеп, әрбір теңгенің сұрауы болады деп нақты айтты. Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында осы уақытқа дейін жүзеге асырылған реформаларды ары қарай дамытып, әлеуметтік саланы қолдау, халықтың күнкөріс әлеуетін арттыру, жастарға жағдайлар жасау секілді стратегиялық қадамдар жасауды алға қойып отыр. «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты біздің экономикамыздың таяу жылдардағы өсімінің драйвері болады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы әр қазақстандықтың патриотизмінен бастау алады. Елдің болашағы жастарды Отанға, жерге деген сүйіспеншілікпен тәрбиелеуіміз керек. Елбасымыздың халыққа арнаған жаңа Жолдауын ел экономикасының жаңа стратегиясы белгіленген біздің елді нұрлы болашаққа бастайтын, еліміздің жаңаша өсіп-өркендеуіне жол ашатын басты құжат деп санаймыз. Нақты істерге негізделген кезекті Жолдау халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту, ел бірлігін сақтау мақсатында бүкіл қоғамды белсене жұмыс атқаруға үндейді. Жамбыл политехникалық колледжінің ұжымы Елбасының жаңа экономикалық саясатын қолдай отырып, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында қойылған ортақ міндеттерді орындауға белсене араласатын болады. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел «Нұрлы жол» Жолдауын жүзеге асыруда аянбай еңбек етейік.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- Бүгін, 14:19
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді