Жаңалықтар
Ереванда ҰҚШҰ саммиті өтеді: Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп күтілуде
- author «Ақ жол»
- 23 қараша, 2022
- 673
Ереванда ҰҚШҰ саммиті өтеді: Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп күтілуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммитіне қатысады деп күтілуде.
Бүгін, 23 қарашада Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) отырысы өтеді.
"Шараға Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысады деп күтіліп отыр", - делінген хабарламада.
Сессия барысында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Декларациясы қабылданады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




