Татулық пен тұрақтылық маңызды
Мен де сайлау күні Қазақстан Республикасының азаматы және біздің тағдырымызды, еліміздің болашағын ойлайтын адам ретінде өз сайлау учаскеме барып, конституциялық құқығымды пайдаландым. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Себебі 3 ұлдың анасы ретінде балаларымның экономикасы берік, бейбітшілік пен келісімде, әділдік орнаған елде өмір сүргенін қалаймын. Мен бұл күнді асыға күттім және мен президенттікке үміткерді ғана емес, көп нәрсені тындырған, бәрін сөзбен емес, іс жүзінде көрсеткен адамды таңдадым деп нық сеніммен айта аламын!
Сайлау нәтижесі көрсеткендей, бұл күні қазақстандықтардың басым бөлігі бірауыздан ел ынтымағы, татулығы мен тұрақтылығы үшін дауыс берді. Біз таңдаған үміткер – Қасым-Жомарт Тоқаев айқын басымдықпен халықтың қолдауына ие болды. Өйткені Мемлекет басшысы осы уақытқа дейін өзін саяси салмақты тұлға, көреген саясаткер, лайықты көшбасшы екенін дәлелдеген үміткер.
Ел тұрғындарына алдағы уақытта да келешек ұрпағымыздың жарқын болашағын қалыптастыруда, Жаңа Қазақстанды құруда Президентімізге қолдау көрсетіп, бірге болайық дегім келеді.
Менің таңдауым – Әділетті Қазақстан!
Хамида ТҰРДЫЕВА,
«Жастар ассамблеясы» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді