Мен де сайлау күні Қазақстан Республикасының азаматы және біздің тағдырымызды, еліміздің болашағын ойлайтын адам ретінде өз сайлау учаскеме барып, конституциялық құқығымды пайдаландым. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік.
Себебі 3 ұлдың анасы ретінде балаларымның экономикасы берік, бейбітшілік пен келісімде, әділдік орнаған елде өмір сүргенін қалаймын. Мен бұл күнді асыға күттім және мен президенттікке үміткерді ғана емес, көп нәрсені тындырған, бәрін сөзбен емес, іс жүзінде көрсеткен адамды таңдадым деп нық сеніммен айта аламын!
Сайлау нәтижесі көрсеткендей, бұл күні қазақстандықтардың басым бөлігі бірауыздан ел ынтымағы, татулығы мен тұрақтылығы үшін дауыс берді. Біз таңдаған үміткер – Қасым-Жомарт Тоқаев айқын басымдықпен халықтың қолдауына ие болды. Өйткені Мемлекет басшысы осы уақытқа дейін өзін саяси салмақты тұлға, көреген саясаткер, лайықты көшбасшы екенін дәлелдеген үміткер.
Ел тұрғындарына алдағы уақытта да келешек ұрпағымыздың жарқын болашағын қалыптастыруда, Жаңа Қазақстанды құруда Президентімізге қолдау көрсетіп, бірге болайық дегім келеді.
Менің таңдауым – Әділетті Қазақстан!
Хамида ТҰРДЫЕВА,
«Жастар ассамблеясы» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




