ҚАЖ қызметкерлері өз таңдауын жасады

ҚАЖ қызметкерлері өз таңдауын жасады
ашық дереккөз
ҚАЖ қызметкерлері өз таңдауын жасады
Елімізде 20 қараша кезектен тыс Президент сайлауы тағайындалғаны белгілі. Айрықша маңызға ие саяси науқанға ҚАЖ саласының қызметкерлері де бір кісідей атсалысып, тарихи шарадан шет қалмады. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері таңсәріден тұрып, облыс орталығындағы сайлау учаскелеріне барып өз таңдауларын жасады. - Бүгін еліміз үшін маңызды саяси күн. Дауыс беруге халықтың көптеп қатысуы - сайлаудың әділ өтуіне кепіл болады. Яғни, әрбір азаматтың сайлауға қатысуы елдің дамуына, келешегіміздің кемел болуына ықпал етеді. Біз, ҚАЖ қызметкерлері егемен еліміздің болашағы үшін дауыс бердік. Лайықты кандидатты таңдадық, - деді мекеме бастығы әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев.

Ұқсас жаңалықтар