Жаңалықтар
Украинадағы Қазақстан азаматтары Варшавада дауыс бере алады
- author «Ақ жол»
- 18 қараша, 2022
- 603
Украинадағы Қазақстан азаматтары Варшавада дауыс бере алады
Украинадағы Қазақстан азаматтары Варшавада дауыс береді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев айтты. «Қазіргі таңда сыртқы саяси ведомствоның шет елдердегі мекемелерінің жанында, 53 мемлекетте 68 учаскелік комиссия құрылды. Барлық комиссия мүшелері бекітіліп, олардың сәйкестігін анықтау бойынша тестілеу өткізілді. Барлық сайлау учаскелері президент сайлауын өткізуге дайын. Өздеріңізге белгілі, Украинадағы ахуалға байланысты сол жердегі Қазақстан азаматтары мен елшілік қызметкерлері Варшава қаласында дауыс береді», — деді СІМ өкілі.
Оның атап өтуінше, ҚР Орталық сайлау комиссиясы Сыртқы істер министрлігіне жолдаған барлық сайлау бюллетеньдері мен сайлау үшін қажетті құжаттар шет елдердегі мекемелеріміздің өкілдері арқылы жеткізілді.
«Олардың іссапарларын қамтамасыз ету бойынша барлық іс-шаралар толық іске асырылды. Аталған учаскелерде Қазақстанның 12 527 азаматының дауыс беретіндігі күтіледі», — деді Жалғас Әділбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




