Жаңалықтар
Рақымшылық: 3 азамат жаза өтеуден босатылса, 17 адамның жаза мерзімі қысқартылды
- author «Ақ жол»
- 17 қараша, 2022
- 692
Рақымшылық: 3 азамат жаза өтеуден босатылса, 17 адамның жаза мерзімі қысқартылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жасау туралы шешім қабылдағаны белгілі. Бүгінде «Рақымшылық туралы» заңға сәйкес, заң бұзғандардың бірқатары еркіндікке жолдама алды. Қазіргі таңда Тараз қалалық №1 пробация бөлімінде тұрған азаматтарға қатысты 40 материал сотқа жолданды. Нәтижесінде, 4 азамат босатылып, 36 адамның жаза мерзімін қысқартылуға жататыны белгілі болды. Бұдан бөлек, бүгінгі күнге дейін өткізілген 20 сот отырысының қорытындысына сай 3 азамат жаза өтеуден босатылса, 17 адамның жаза мерзімі қысқартылды.
Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан жазасын өтеушілер мен олардың туған-туыстарына түсіндірме жұмыстарын жүргізілген болатын. Онда қаңтар оқиғасына қатысқандардың барлығы бірдей рақымшылыққа ілікпейтіні жөнінде айтылды. Шынмәнінде, оқиғаға қатысты айыпты деп танылған сотталғандарға рақымшылық жасау туралы шешім сот тарапынан әр адам үшін жеке-жеке қабылданатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




