Облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап-ғылыми кітапханасында жуалылық жас ақын, облыстық, республикалық жыр-мүшәйраларының жеңімпазы, Шәкен Айманов атындағы сыйлықтың иегері Нұржан Манасұлымен кездесу өтті. Кешке жас ақынның оқырмандарымен қатар өлеңдегі қатарластары қатысты. «Асыл жырдың қасиетін ұғынғандар» атты тақырыпқа негізделген әдеби кеш барысында Нұржанның «Тұлпарға мініп ту алған», «Жыр жазу ол мәңгілік арманым ба?», «Жауыннан соң күн шығар қырда күліп», «Өлмейді мәңгі олардың өмір-өлеңі», «Жырлаймыз елдің бақытын», «Жырменен көгереді қашан далам» атты тақырыптарға арналған жырлары оқылып, оларға шолу жасалды. Ақынның әр уақыттағы басылым беттерінде жарық көрген шығармаларынан «Өлең өлкесіне енгендер» атты шағын көрме жасақталып, келушілерге жас қаламгер жайлы сыр шертті. Кеш иесімен қатар өлкеміздің жас ақындары Хамит Есаман, Табиғат Абаилдаев, Наурызбек Саршаев, Нұржан Қадырәлілер де өз өлеңдерін оқып, Нұржан Манасұлы шығармашылығы жайлы ізгі ойларын жеткізді. Соңыра кітапхана басшысы Эльмира Абдинова сөз алып, жас ақынға өлеңде де, өмірде де сәттілік тілеп, кітапхана атынан естелік-сыйлығын тапсырды. Сондай-ақ, Эльмира Елеусізқызы мұндай кездесу кештерінің аудан, ауылдағы таланттарды танытудағы үлесі зор екенін ескеріп, игі шара алдағы уақыттарда да дәстүрлі түрде өз жалғасын табатынына сендірді.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Көрерменді балалық шағымен қауыштырған классика
- 3 желтоқсан, 2024
Халық театрларының халі мүшкіл
- 3 желтоқсан, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді