«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Энергия ұйымдары қысқы маусымға әзір

Энергия ұйымдары қысқы маусымға әзір
ашық дереккөз
Энергия ұйымдары қысқы маусымға әзір
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылдың 2 ақпандағы №55 бұйрығымен бекітілген, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алу Ережелерінің 31-тармағына сәйкес. Әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарының күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа (жабдықтарды жөндеу жұмыстары, резервтік отын қорын дайындау және т.б.) дайындығын растайтын жыл сайын берілетін құжат. Бұл ретте, өңірдегі «Таразэнергоорталық» АҚ, «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындарға әзірлік паспортын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті беретінін атап кеткен жөн. Сонымен қатар облыс көлеміндегі барлық қуаттағы жылыту қазандықтарының және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспорттарын тиісті аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары береді. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің облыс бойынша аумақтық департаменті, энергия беруші ұйым «VELES DISTRIBUTION» ЖШС және жаңартылған (жел, күн, су) энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші 13 ұйымға алдымыздағы күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлігін, жоспарланған жабдықтардың жөндеу жұмыстарының сапасын тиянақты тексеріп, нәтижесінде 2022-2023 жылдардағы күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа (жабдықтарды жөндеу жұмыстары, резервтік отын қорын дайындау және т.б.) дайындығын растайтын әзірлік паспорттарын беру туралы шешім қабылдады. Елімізді электр энергиясымен жабдықтауға сүбелі үлес қосып жатқан жаңартылған энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың іске қосылуына көп болмағандықтан, жабдықтардың жаңа, заманауи, электроэнергетика саласындағы қойылған талаптарға сай екенін ескере отырып, алдағы күзгі-қысқы маусымнан технологиялық бұзушылықтарсыз шығатынына сенімдіміз.  

 Төкен ЖҰМАНҚҰЛ,

ҚР Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық

қадағалау мен бақылау комитетінің

облыс бойынша аумақтық

департаментінің бөлім басшысы.

Ұқсас жаңалықтар