Қант диабетінің алдын ал
«14 қараша – дүниежүзілік қант диабетімен күрес» күніне орай облыстық көпбейінді ауруханасының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінде «Қант диабетіне өзіңізді тексеріңіз» акциясы өтті. Бүгінгі таңда әлемде осы патологиямен ауыратын науқастардың саны 463 миллионнан асыпты. Ал облыста 20 мыңға жуық адам есепте тұр.
Қант диабеті – ұйқы безі инсулинді жеткіліксіз өндіргенде немесе дене өзі өндірген инсулинді тиімді пайдалана алмаған кезде дамитын созылмалы ауру. Бұл көмірсулар алмасуының бұзылуымен, қандағы және зәрдегі глюкозаның жоғарылауымен, сондай-ақ басқа метаболикалық бұзылулармен сипатталады.
Қант диабетімен ауыратын адамдардың көпшілігінде бастапқы уақытта ешқандай белгілер байқалмайды екен. Медицина мамандарының айтуынша, қант диабеті белгісі байқалғанын қатты шөлдеу, зәр шығарудың жоғарылауы, аштық сезімі жиілеуі, көздің бұлыңғыр көруі, дене салмағының төмендеуі, тез шаршау мен әлсіздік, терінің қабынып, зақымдануынан кейін емдеудің қиын жүргізілуінен білуге болады.
Бұл қауіпті дерттің алдын алу мақсатында өткен акция барысында тұрғындар тексерілуге келіп, қандағы глюкоза деңгейін өлшетіп, эндокринолог дәрігерден кеңес алуға мүмкіндік алды.
– Осы акцияны естіген соң, дәрігерлерден қант диабетіне тексерілуге анамды алып келдім. Ол кісі тез шаршап, әлсізденіп жүргендіктен мен күдіктенген едім. Оның үстіне өзім де алдын ала медицина көмегіне жиі жүгініп, тексерістен өтіп тұрғанды жөн көремін, – деді Ақпейіл Маратқызы. Иә, қашанда «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу» қажет екенін ұмытпаған абзал.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




