Жаңалықтар
Нұрлан Әуесбаев Ақтауда бағдарлама бағыттарын баяндады
- author «Ақ жол»
- 17 қараша, 2022
- 522
Нұрлан Әуесбаев Ақтауда бағдарлама бағыттарын баяндады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтаудағы Абай атындағы мәдениет сарайында сайлаушылармен кездесу өткізді. Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді. Өз сөзінде Нұрлан Әуесбаев батыс өңірлерде инфрақұрылым мәселелерінің көптігін атап өтті. Десе де жергілікті билік жағдайды түзетуге асығар емес.
ЖСДП-дан кандидаттың пікірінше, мемлекетті басқару үлгісін президенттік биліктен парламенттік-президенттік билікке ауыстыру арқылы ғана бұл тығырықтан шығуға болады.
Бұдан бөлек Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлауалды бағдарламасында мұнай-газ секторының ірі кәсіпорындарын ұлттандыруды ұсынады. Тек осындай нақты қадамдар арқылы ғана еліміздегі жұмысшылардың еңбек шарттарын жақсартуға болады.
Сонымен бірге Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтардың өмір сапасының стандартын енгізу ұсынылады. Стандартта азаматтарымыздың сапалы тамақтануынан бастап, демалысына дейінгі барлық қажеттіліктері қарастырылуы қажет.
Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында да кездесу өткізді. Бұл туралы ЖСДП әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасы жөнінде айтып берді. Кездесуде мәслихаттар қалай құрылуы керек деген мәселе талқыланды.
Жалпы үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




