Жаңалықтар
Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласында мұғалімдермен жүздесті
- author «Ақ жол»
- 17 қараша, 2022
- 494
Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласында мұғалімдермен жүздесті
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қаскелең қаласында білім беру кәсіподақтарының мүшелерімен, мұғалімдермен кездесіп, оларға сайлауалды бағдарламасы туралы айтты. Балаларды тәрбиелеу мен болмысын қалыптастырудағы педагогтердің жоғары мәртебесін атап өтті. Сонымен қатар үміткер мұғалімдерге жүктеме жыл сайын артып келетінін, ал жалақы сол қалпы өспейтінін айтты. «Мұғалімнің жұмысын қиын еңбек жағдайларына байланысты жұмыспен салыстыруға болады. Мұғалімдер жоғары психоэмоционалды жүктемені сезінеді, кешке үйде жұмыс істейді. Бұл өте қиын. Өз бағдарламамда зиянды және қиын еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін ерте зейнетке шығуды қайтару қажеттігін көрсетемін», – деді М.Қажыкен өз пікірін айтты. Мұны педагогтер қолдады.
«Мен өз бағдарламамда жастарға көп көңіл бөлемін. Балалар – біздің болашағымыз, олар елді құрып, дамытады. Біз оларға өз кәсібилігін арттырып, Қазақстанды одан әрі көркейтуі үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек. Жастарға жол ашу керек. Мен бұл лауазымды 7 жыл бойы атқармаймын. Үш-төрт жыл жеткілікті. Мен соңғы ақсақал Президент боламын. Содан кейін жастарға президенттікті беру керек», – деді кандидат.
Мұғалімдер мамандарға арналған «Дипломмен ауылға» бағдарламасына шағымданды. Жас мұғалімдерге бөлінетін қаражаты жетпейді. «Бұл бағдарламаны қайта қарау және жетілдіру қажет», деді Мейрам Қажыкен.
Кездесуде тұрғын үй, барлық деңгейдегі әкімдерді сайлау, әлеуметтік қорғау, азаматтық қоғамның бір бөлігі ретінде тәуелсіз кәсіподақтарды дамыту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру мәселелері көтерілді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




