Жаңалықтар
Қарақат Әбденнің сайлауалды сапары Түркістанда жалғасты
- author «Ақ жол»
- 17 қараша, 2022
- 593
Қарақат Әбденнің сайлауалды сапары Түркістанда жалғасты
ҚР Президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнің Түркістан облысындағы сайлауалды сапары жалғасуда. Ол сапар барысындаТүркістан қаласының жұртшылығымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Кездесу барысында қоғамдағы өзекті сұрақтар мен туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды. Қарақат Әбден атап өткендей, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мәдени мұра нысандары көп шоғырланған Түркістан шаһарының туризмді дамытуда әлеуеті зор.
«Түркістан – барша түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті жер. Ежелден-ақ «екінші Мекке» деп атанып кеткен қазақтың рухани астанасы көптеген саяхаттаушылардың қызығушылығына ие болып отыр. Түркістанның тарихи маңызын және осы өңірде шоғырланған киелі жерлердің көп екендігін ескере келе, алкогольді ішімдіктерді сатудан бас тартқан алғашқы қалалардың бірі атануына барлық мүмкіндіктер бар», – деді Қ.Әбден.
Кездесуге сондай-ақ өңірлік туризм саласының өкілдері қатысып, бұл бағыттың өзекті сұрақтарын ортаға салды. «Бізге шетелден көп туристер келеді, бірақ ішкі туризм нарығын да дамыту керек. Бұл салада біз тарихи және ұлттық құндылықтарға көп көңіл бөліп жүрген кандидаттың бағытын қолдаймыз. Бұдан бөлек, аймақтың инфрақұрылымын да назардан тыс қалдырмаған жөн», – деп бөлісті туристік компанияның өкілі Мөлдір Мәлібекова.
Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Кандидат Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 9 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол облысымыздың сайлаушыларымен жүздеспек.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




