Ең ірі жылыжайдың жұмысымен танысты
Президенттікке «Ауыл» партиясы атынан түскен кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары еліміздегі ең ірі жылыжайлардың біріне барды. Қызанақтың түр-түрін өсірумен және сатумен айналысатын кешен Алматы облысының Чапаев ауылында орналасқан. Былтыр ғана ашылды. Бұл іске жергілікті әкімдік те қолдау көрсетіп, электр желісін тартуға бюджеттен 100 миллион теңге бөлген. Жобаның жалпы құны 5 миллиард теңге екен. Бес гектар аумақты алып тұрған индустриялық нысан түгел Нидерланды технологиясымен жабдықталған. Алдағы уақытта мұнда тағы қияр мен басқа да көкөніс түрлерін сақтайтын қойма ашылмақ. Жылыжай директоры Жандос Тұрсынғалиевтің айтуынша, бүгінде кәсіпорында 110 адам қызмет етсе, жұмыс істеп жүргендердің көбі әйелдер.
Жигули Дайрабаев, Президенттікке кандидат:
– Алынатын өнім өте жоғары. Жылыжайда жылына 3 мың тоннаға дейін өнім өндіріледі екен. Негізі экспортқа бағытталғанымен, Алматы мегаполисін қамтамасыз етуге де жағдайлары бар.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




