Ауқымды және өте өзекті тақырыпты қозғады
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Ақтауда жалғызбасты аналармен кездесу өткізді. Олардың қиын жағдайынан бүкіл еліміз хабардар. «Бұл – ауқымды және өте өзекті проблема. Жалғызбасты аналар алимент сұрамауы керек, бұрынғы күйеуі мен бірге тұратын адамдарының артынан жүгірмеуі керек. Балаларын өсіреді, оларға білім, лайықты тәрбие береді. Әйелдер барлық жауапкершілік жүгін өз мойындарына көтермеуі тиіс», – деді Салтанат Тұрсынбекова.
Кандидаттың айтуынша, алимент өндірудегі негізгі мәселелердің бірі – борышкердің кірісін анықтаудың тиімді әдістерінің жоқтығы. Егер борышкерде жұмыс болмаса және жұмыс іздеуге тырыспаса, онда алименттік қарыз орташа республикалық жалақыға сүйене отырып айқындалады. «Алименттерді тұрақты төлемейтіндерге әсер ету механизмі тиімді емес екенін мойындау керек», – деп атап өтті құқық қорғаушы.
Айта кетейік, Салтанат Тұрсынбекова толық емес отбасын қолдау тақырыбын көптен бері көтеріп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




