«АрселорМиттал Теміртау»қызметкерлерімен кездесті
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «АрселорМиттал Теміртау» қызметкерлерімен кездесуге барды. Кәсіпорында үміткер экономиканы, жалақы және зейнетақы жүйелерін реформалау жөніндегі жоспарларын егжей-тегжейлі баяндады. Ол өнеркәсіп қызметкерлерінің проблемаларымен бұрыннан таныс екенін және бірнеше рет көмектесуге тырысқанын жеткізді. «Өткен жылы қараша айында Абай шахтасындағы қайғылы оқиғадан кейін біз Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жаздық. Біз үндеуімізде бүкіл ел бойынша кәсіпорындарды тексеру үшін мемлекеттік комиссия құруды талап еттік», деген М.Қажыкен 2021 жылы жасалған «лайықты жалақы үшін» петициясын да еске салды.
– Біз Еңбек министрлігіне жұмысшылардың талаптарын енгіздік. Менің бағдарламамда мұның бәрі бар, – деген кандидат, сондай-ақ бағдарламада зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің ерте зейнетке шығуы туралы тармақ көрсетілгенін атап өтті. – Мен осы проблемалардың барлығын білемін және олармен жұмыс істеуге және оларды жоюға дайынмын, – деп түйіндеді М.Қажыкен.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді