Жастар сайлауалды бағдарламаны талқылады
«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының кезекті отырысында жастар белсенділері ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын талқылады. «Жастар Рухы» белсендісі Аида Қалуова Қ.Тоқаевтың білім беру және жастар саясаты саласындағы бастамаларына баса назар аударды. «Жастардың проблемаларын өздерінен артық ешкім білмейді, сондықтан олардың өзекті мәселелерін шешуде сіздердің пікірлеріңізді елемеуге болмайды. Сапалы білім – жастардың табысының, елімізді алға жылжытатын талантты мамандардың қалыптасуының кепілі. Қазақстандық жастар өздерін ең белсенді сайлаушылар ретінде көрсететініне сенімдімін», – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Жастар Рухы» жастар қанатының елордадағы филиалының төрағасы Арсланбек Мағзұмның пікірінше, жастардың өзін-өзі тануы үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар жасалуы тиіс. «Жастардың алдағы президенттік сайлауға деген қызығушылығы олардың ел ісіне араласуға дайындығын, сайлау процестеріне деген өзіндік көзқарасы қалыптасқанын көрсетеді», – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




