Ақкөлдік тұрғындардыңмәселесін тыңдады
ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы, Ақкөл ауданының сайлаушыларымен кездесу өткізді. Оппозициялық партия өкілі тұрғындарға сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның пікірінше, Қазақстан бірқатар саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыруы қажет.
Сайлаушылар басқосуда кандидатқа ауданда жер учаскесін бөлу жайын, ауыл шаруашылығымен айналысатын диқандарға берілетін көмектің мардымсыз екендігін айтты. Нұрлан Әуесбаев тұрғындардың мәселелерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Нұрлан Әуесбаев, Президенттікке кандидат:
– Аудан тұрғындарын мазалайтыны ауыл шаруашылығы мәселелері. Оның ішінде негізгісі – пай мәселесі. Пайшылардың өздерінің тиісті пайын уақтылы алуы, оның бағасының қымбаттауы, арзандауы, міне, әңгіме осы мәселелердің төңірегінде болды. Ауылдың маңында жеке сектордың малдары жайылатын жайылымдардың қалмауы сияқты өзекті мәселелер де сөз болды.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




