Тоқаевтың РҚШ мүшелері Павлодарда кездесу өткізді
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысының жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және жастарымен бірқатар кездесу өткізді. Екібастұз қаласында РҚШ мүшелері әлемдегі ең үлкен «Богатырь» ашық көмір кенішінің еңбек ұжымымен кездесіп, кеншілерге кандидаттың бағдарламасындағы жұмысшылардың құқықтарын қорғау және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты басымдықтары туралы айтып берді. Бұдан соң трамвай басқармасы мен электролиз зауытының ұжымдарымен кездесіп, «Достық үйінде» өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады. Торайғыров университетінде ғылыми қоғамдастық өкілдері сайлауалды бағдарламада көрсетілген әлеуметтік қолдау шараларын қарастырды.
Осы күні Павлодардағы кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінде Асхат Оралов өңір тұрғындарынан түскен ұсыныстармен және тілектермен танысты. Бір күнде штаб мүшелері 20-дан астам кездесу өткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




