Жигули Дайрабаев жеңіл өнеркәсіпті қолдады
«Ауыл» партиясынан ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «DANMARD» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат олармен еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі мәселелерін талқылады. «DANMARD» ЖШС әскер мен өрт сөндірушілерге киім тігеді. Кандидат өзінің сайлауалды науқаны аясында еңбек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыруға қол жеткізуді жоспарлап отырғанына, мемлекеттік тапсырыстардың әділ бөлінуі тиіс екеніне тоқталып, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялар тек импорттық тауарларды сатып алатынын атап өтті.
Экономиканың осы саласын жандандыру және дамыту үшін ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек. Нарықтық экономиканың өз заңдылығы бар, бірақ бізде отандық өнеркәсіп басымдыққа ие болуы керек, – деді кандидат.
Сонымен қатар үміткер өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды. Бұл көптеген мәселелерді шешуге септігін тигізер еді деген ойымен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




