ЭЦҚ кілтін қалай қайта шығаруға болады?
ЭЦҚ қолданылу мерзімі шығарылған күнінен бастап 1 жылды құрайды. Осы мерзім аяқталғанға дейін ЭЦҚ кілтін қайта шығаруға болады.
ЭЦҚ-ны онлайн режимде қайта шығару өте оңай. Қызметті рәсімдеу уақыты 5 минуттан аспайды. Ол үшін:
- pki.gov.kz сайтына өтіп, «Жеке кабинетті» таңдаңыз;
- қолданыстағы ЭЦҚ көмегімен авторизациядан өтіңіз;
- «ЭЦҚ алу» батырмасын басып, қол қою үшін өз кілтіңізді көрсетіп, «Сақтау» батырмасын басыңыз;
- пайдаланушы келісімімен танысып, электрондық поштаңыз бен елді мекенді көрсетіңіз. Осы бетте жаңа ЭЦҚ сақтауға арналған орынды көрсетіңіз;
- «Өтінім беру» батырмасын басып, қолданыстағы ЭЦҚ-мен қол қойыңыз.
- «Өтінім бойынша тіркеу куәліктері шығарылды» мәртебесі көрсетілетін бетті жаңартып, «Сертификаттарды жүктеу» батырмасын басыңыз.
Р.С.Сабеева, Тараз қалалық
№3 халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




