Жүрек жылытқан жылдардың естелігі
Облыстық «Aq jol» газетінде және облыстық «Jambyl» телеарнаcында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен Мақұлбек Малдарбеков – қаламы қарымды журналист. Осы кезге дейін оның бірнеше публицистикалық кітаптары жарық көрген болатын. Мерейлі 70 жасқа толуына орай журналистке лайықты құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, қарымды қаламгер, ардагер журналист Мақұлбек Малдарбековтың «Өмір бәйгесінде» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Тұсаукесер рәсіміне филология ғылымдарының докторы Сәмен Құлбарақ, жазушы, «Aulieata-Media» ЖШС бас директоры Оралхан Дәуіт қатысып, жаңа туындының лентасын қиды. Ақын әріптесі Бақытжан Советұлы да ағынан жарылып, игі тілегін жеткізді.
«Жүрек жылытқан жылдарым» атты ардагер журналистің 70 жылдық мерейтойына орай өткен кеште ардагерлер және журналистің әріптестері оның алған белестері мен шығармашылығына кеңінен тоқталып, шын жүректен құттықтады. Қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқылып, жазудағы шеберлігі айтылды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




