- Advertisement -

Біз ардагерлермен біргеміз!

21

- Advertisement -

Осындай ұранмен облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығында төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағынысты бөлімшелері арасында «Ардагерлер – қатарда!» байқауы өтті.

Қатысушы командалармен өткен байқау үгіт-насихат, шығармашылық және зияткерлік сөз сөйлеу форматында болды және өскелең ұрпақты патриоттық тұрғыдан тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын дамыту, ардагерлер мен жас қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жас қызметкерлердің тәжірибесін арттыру бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталды.

Байқауға бес команда қатысты. Мұнда ардагерлер, белсенді қызметкерлер және азаматтық қорғау қызметтерінің жас мамандары жиналды. Командалар жарысты сәлемдесумен бастап, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Әрі қарай командалар интеллектуалды сұрақтарға жауап берді. Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетіп, ерекше жағдайға тап болған ұжымды біріктіруге арналған психологиялық тренингке қатысты, содан кейін өткен жылдардағы әуендерді еске түсіре отырып табу бойынша блиц-викторина өтті. Байқаудың барлық қатысушылары мен жанкүйерлері үшін облыстық филармония әртістері байқауды музыкамен әрледі.

Байқауға қатысушыларды құрамына облыстың азаматтық қорғау ардагерлері кеңесінің төрағасы, медициналық колледждің, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің және ТЖ департаментінің өкілі кіретін құзыретті қазылар алқасы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды департаменттің «Қызыл алау» командасы, екінші орынды өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің «Алау» командасы, ал үшінші орынды «Қазгидромет» РМК филиалының «Жігер» командасы иеленді. Жас қызметкерлердің тәжірибесін арттыру байқауына қатысқаны үшін Жедел-құтқару жасағының және Апаттар медицинасы орталығы филиалының командалары Алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар мен жарқын әсерлерге ие болғанын айта кеткен жөн.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support