Өрт-тактикалық жаттығуға қатысты
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қаладағы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелері «Бизнес Ойл» ЖШС-ның жанар-жағармай сақтау базасында өрт-тактикалық жаттығу өткізіп, оған 9 техника және өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 42 қызметкері қатысты. Оқу-жаттығудың басты мақсаты – өндірістік нысандардағы шартты өртті сөндіруді ұйымдастыру мен тактикасы бойынша мәселелерді өрт сөндіру қызметінің басшы және қатардағы құрамымен тәжірибелік тұрғыдан пысықтау, сондай-ақ нысан тұлғаларымен өзара іс-қимылды арттыру болып табылады.
Жаттығудың тактикалық жоспарына сәйкес, өрт жанар-жағармай тасымалдайтын жүк көлігіне жанармай құю кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы нәтижесінде пайда болды. Адамдардың, қызмет көрсетуші персоналдың өміріне және жақын маңдағы көлікке өрттің таралу қаупі төнді. Оқиға орнына, №2 шақырту бойынша шығу кестесіне сәйкес, Тараз қаласының өртке қарсы қызмет гарнизонының күштері мен құралдары жөнелтілді. Келіп жеткен өрт сөндірушілер шұғыл түрде шартты өртті сөндіру бойынша жұмыстар жүргізді.
Бөлімшелердің алдына қойылған міндеттер сәтті орындалды, нәтижесінде шартты өрт сөндірілді. Оқу-жаттығу қорытындысында ескертулер мен кемшіліктерді атап көрсете отырып, талдау жүргізілді.
Айдос ҚАСҚАЕВ,
қалалық №3 өрт сөндіру
бөлімінің бастығы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді