Жаңалықтар
«Генералдар кеңесі» мүшелерімен саяси науқанды талқылады
- author «Ақ жол»
- 8 қараша, 2022
- 797
«Генералдар кеңесі» мүшелерімен саяси науқанды талқылады
«Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Халықтық коалицияның республикалық штабында сайлау науқаны барысын талқылады. Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстары мен байқаушылар қызметімен танысып, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінде, медиа-штабта болды. Айта кетейік, Генералдар кеңесінің мүшелері елдегі сайлау науқаны аясында жұртшылықпен кездесулерге белсене араласуда. Олар дауыс беру күні әрбір адам өзінің азаматтық ұстанымын іс жүзінде танытуы маңызды деп есептейді.
Өміртай Бітімов, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі: «Генералдар кеңесінің тобы республикалық қоғамдық штаб жұмысымен таныстық. Өзара пікір алмасу барысында өз ұсыныстарымызды ортаға салдық».
Дәулет Салханов, «Генералдар кеңесі» РҚБ мүшесі: «20 қарашаны бәріміз үшін маңызды күн деп санаймыз. Бәріне айтып отырмын, еліміз, жеріміз аман, әрі қарай дами берсін десеңіздер, бәріңіз қалмай отбасыларыңызбен, бала-шағаларыңызбен сайлау учаскелеріне келіп, дауыстарыңызды беріңіздер!».
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




