Тың бастамаларға толы телеарна
Аймақ айнасы – «JAMBYL» телеарнасы жаңа 33-ші маусымын бастады. Жаңа маусымның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев қатысты. Сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері болды. Арна биыл жаңа 33 жобаны көзіқарақты көрерменге ұсынып отыр. «Жаңа белеске бет алған қара шаңырақ халықтың сұранысына сай, талғамына орай, түрлі жобаны жүзеге асырады. Әр таң сайын «Рауан» сіздерді ұйқыларыңыздан оятып, тамаша көңіл-күй сыйлайды.
Халық пен әкім, билік пен бұқара, түйткілдің төркіні, мәселенің шешімі – «ӘКІМ 08» хабарында айшықталады. Аймақтың тынысын, сан саланың қыруар жұмысын «8 аймақ» саралайды», дейді «JAMBYL» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева.
Сондай-ақ телеарна «Aulieata-Media»жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп «Қаламгер клубы» бағдарламасын көрермен назарына ұсынбақ. Жаңа маусымда «Жүрек сөзі», «Бақыт кілті», «Ел азаматы», «Патриот» сынды өзге де көптеген тың, қызықты жобалар ұсынылмақ.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




