Қаржылық құқығыңыз бұзылса не істеу керек?
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің қатысуымен тікелей эфир өткен болатын. Эфир барысында ел азаматтары тарапынан қаржылық құқықтарын қорғау бойынша түрлі сауалдар түсті. Бұл сұрақтар елдегі көптеген азаматтарды қызықтыратыны анық. Сондықтан сол сауалдарға маманның нақты жауабын назарларыңызға ұсынғанды жөн көрдік. – Несием бойынша мерзімі өткен берешек пайда болды. Не істеу керек және қайда бару керек? – 2021 жылғы мамырда кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес 2021 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстанда кредиттік ұйымдардың қарыз алушылар – жеке тұлғалардың проблемалық берешегін реттеудің бірыңғай құқықтық режимі қолданылады. Мәселен, кредиторлар қарыз алушыны несиелер бойынша төлем мерзімін өткізіп алу туралы ол басталған сәттен бастап 20 күн ішінде хабардар етуге міндетті. Хабарламада банктер мен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) туындаған төлем мерзімін өткізіп алудың нақты мөлшерін көрсете отырып, төлем жасау қажеттілігі туралы азаматтарды хабардар етуі, олардың өздеріне жүгіну құқығы және өздерінің несиелік міндеттемелерін орындамау салдары туралы айтуға тиіс.
Егер сіздің несие бойынша мерзімі өткен берешегіңіз болса, мерзімі өткен күннен бастап 30 күн ішінде банкке немесе несиені қайта құрылымдау үшін банкке немесе МҚҚЖҰ-ға жазбаша өтінішпен немесе шартта көрсетілген өзге тәсілмен жүгінуіңіз қажет.
Өтінішіңізде мыналарды көрсетуіңіз қажет:
- міндеттемелерді орындамау себебін. Қолыңызда өзіңізде туындап отырған қиындықтарды растайтын құжаттардың болуы;
- міндеттемелерді орындау бойынша өз нұсқаларыңызды. Сіз мысалы мыналарды ұсына аласыз: сыйақы мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгерту, төлемді кейінге қалдыру, шарттың қолданылу мерзімін, өтеу әдісін өзгерту, өзінің қаржылық жағдайын ескере отырып, жаңа төлем кестесін құру немесе кепіл мүлкін өз бетінше өткізу.
- шарт талаптарына сіз ұсынған өзгерістерді қабылдай отырып, келісу;
- шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын беру;
- себептердің дәлелді негіздемесін көрсете отырып бас тарту.
- қарыз алушыны жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркеу;
- қарыз алушының әлеуметтік мәртебесін өзгерту, атап айтқанда, халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызу, сол сияқты орташа айлық кірістің төмендеуіне әсер еткен қарыз алушының бірге тұратын жақын туысы, жұбайы (зайыбы) ХӘОТ мәртебесін алу;
- қарыз алушының науқастануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздығы (3 айдан астам);
- қарыз алушының бала күтімі бойынша демалысқа шығуы;
- қарыз алушыны мерзімді әскери қызметке шақыру;
- қарыз алушының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) науқастануына (әлеуметтік мәні бар аурулар қатарынан) не қайтыс болуына байланысты отбасылық мән- жайлар;
- қарыз алушыға материалдық зиян келтірген жағдайлар (ұрлық, өрт және т.б.).
- берешекті сот тәртібімен өндіріп алуға жүгінгенге дейін міндетті түрде берешекті реттеу рәсімін жүргізуі;
- мерзімі өткен берешекті реттеу тәртібін регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттарды заңнама талаптарына сәйкестендіруі;
- проблемалық берешекті реттеу мәселелері бойынша консультациялар беру үшін қарыз алушылардың қоңырауларына жеке жедел желі бөлуді қамтамасыз етуі қажет.
- несие тарихына өтелген төлем бойынша ағымдағы мерзімін өткізіп алу анықталған кезде;
- жабық шарт бойынша берешек болған кезде;
- өтініш берушіге несиені алаяқтық жолмен ресімдеу кезінде;
- егер несие есебінде өтініш беруші келісім бермеген ұйымның несие тарихы туралы өтінішін көрсе;
- дербес деректердің қате ақпараты көрсетілген кезде;
- оңалту қағидаларының талаптарына сәйкес келетін несиелік келісімшарттар бойынша «оңалтылған» мәртебесі болмаған кезде.
Дәурен ТӨЛЕПБЕРГЕНОВ,
ҚР Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігінің
Тараз қаласы өңірлік өкілдер
басқармасының бастығы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді