Жаңалықтар
Саяси партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санына қатысты талаптар төмендетілді – А. Мұқанова
- author «Ақ жол»
- 7 қараша, 2022
- 230
Саяси партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санына қатысты талаптар төмендетілді – А. Мұқанова
Мемлекет басшысы бастамашы болған саяси реформалар аясында сайлау процесін жетілдіруге бағытталған әлеуметтік желілердегі үгіт-насихатқа рұқсат беру, аумақтық сайлау комиссияларын кәсіби негізге ауыстыру, сайлау қорларына ерікті қайырымдылықтардың шекті мөлшерін белгілеу және т.б. өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлім етті.
Оның айтуынша, саяси партияларды тіркеу үшін бірқатар талаптар қойылады.
«20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін, саяси партиялардың өңірлік өкілдіктерінің ең аз санына қойылатын талаптар 600-ден 200 адамға дейін, саяси партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең аз санына қатысты талаптар 1 мыңнан 700 адамға дейін төмендетілді. Сондай-ақ мұнда саяси партия құру жөніндегі құрылтай съезін өткізу мерзімін 2 айдан 3 айға дейін ұлғайту бойынша түзетулер көзделген. Бұдан бөлек, Жерге, оның қойнауына, суларына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне, басқа да табиғи ресурстарға қатысты халық меншігін белгілеу бөлігінде Конституцияның 6-бабына қабылданған түзетулерге ұқсас нақтылайтын түзетулер енгізілді», - деді спикер.Сондай-ақ судьялық лауазымдарға конкурстық рәсімдерді онлайн-трансляциялауды енгізуге, норма шығару процесін жеңілдетуге және нормаларды реттеу деңгейлерін нақтылауға, мәслихат төрағасы лауазымын енгізуге бағытталған жекелеген түзетулер енгізілді. Жалпы, заң жобаларын қабылдау жүргізіліп жатқан саяси реформалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді