Он отбасына демеушілік жасады

Он отбасына демеушілік жасады
ашық дереккөз
Он отбасына демеушілік жасады
Ауылдың күнбатыс жағындағы «Арзан» дүкеніне қарама- қарсы «Стамбул» дүкені ашылды. Тұтынушыларға қажетті сауда орнының ашылу салтанатына халық көп жиналды. Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі, қадірлі қария Серік Балабеков жиналғандарды жаңа дүкеннің ашылуымен құттықтап, жас кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі. Жеке кәсіпкер Данияр Асқар дүкен иесі ретінде келушілерге ғимарат ішін аралатып көрсетті. Іші таза, әрбір киім, заттар ілініп, сөрелерге тиянақты жиналып қойылған, бағалары жазулы тұр. Дүкенге қойылған бұйымдар Түркия, Қытай елдерінен әкелінген. Мұнда киім-кешектермен бірге түрлі үй жабдықтары, ойыншықтар да бар. – Біз халыққа сапалы қызмет ету үшін осы дүкенді ашып отырмыз. Заттарымыздың бағасы қолжетімді. Мәселен, дүкеннің ашылуына орай бүгінгі сауда жасайтындар үшін қандай киім, зат сатып алса да 10 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ бүгін осы ауылдағы 10 аз қамтылған отбасына, жалғызбасты жандардың әрқайсысына 15-20 мың теңге көлемінде демеушілік жасауды да парызымыз санадық. Жаңа дүкеннің ашылуына арнайы келіп, кәсібімізге қолдау білдіріп жатқан ауыл тұрғындарына дастарқан жайып, дәм татқызып жатырмыз, – деді дүкен иесі Данияр Асқар. Иә, бұл күні дүкеннің ашылуына келген адамдар көп болды. Жас кәсіпкердің дүкеннің ашылуына орай 10 адамға жасаған қайырымдылығы, 100-ге жуық адамға дастарқаннан дәм татқызуы кәсібіне қолдау білдірген жерлестеріне деген құрметі деп білеміз. Ендеше, «қолы ашықтың, жолы ашық» демекші, аудан халқы үшін бағасы қолжетімді дүкен ашып, сапасы жоғары киім-кешек сата бастаған Даниярдың кәсібіне сәттілік тілейміз.  

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ,

журналист.

Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар