Саяси науқанға дайындық сараланды

Саяси науқанға дайындық сараланды
ашық дереккөз
Саяси науқанға дайындық сараланды
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша облыстық сайлау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен көшпелі семинар-тренинг өткізілді. Жиынды облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов ашып, биылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық шаралары мен өткізудің ерекшеліктері туралы айтып өтті. Ал облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сара Мәдиева сайлау процесін ақпараттандыру және сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыру туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сонымен қатар семинарда сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктерін ҚР Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ережеге сәйкес жарақтандыру және қажетті құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету, азаматтарды тиісті сайлау комиссиялары орналасқан үй-жайларда сайлаушылар тізімімен таныстыру жұмыстарындағы ерекшеліктер туралы да айтылды. Облыстық сайлау комиссиясының мүшелері С.Қойшыбаев мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруге арналған үй-жайларының, дауыс беру пункттерінің қолжетімділігін ҚР ОСК бекіткен нұсқаулыққа сәйкес жарақтандыру және дауыс беру учаскесіне келу мүмкіндігі жоқ осы топтағы азаматтарға дауыс беруді ұйымдастыру туралы, Ж.Бекбергенова сайлаудың өткізілуін байқауды жүзеге асыратын байқаушылармен жұмысты ұйымдастыру туралы, Т.Жамалов сайлау күні сайлау учаскесінде ұйымдастырылатын жұмыстар туралы, прокуратура қызметкері Ж.Берлібай сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру туралы баяндама жасады. Тараз қалалық сайлау комиссиясының төрағасы А.Асқарбеков қатысушылар арасында дауыс беру күні орын алатын жағдайлар бойынша іскерлік ойын өткізді.  

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

Ұқсас жаңалықтар