9 айдың қорытындысын шығарды

9 айдың қорытындысын шығарды
ашық дереккөз
9 айдың қорытындысын шығарды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жедел-қызметтік қорытынды кеңес өтіп, ағымдағы жылдың 9 айының жұмысы қорытындыланды. Департамент бастығының орынбасары әділет подполковнигі Еркін Нұрбаевтың төрағалығымен өткен басқосуға мекеменің басшылығы, бөлім бастықтары мен жеке құрам қызметкерлері қатысты. Жиында негізгі көрсеткіштер айтылып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттер айқындалды. Мекемеде құқықтық тәртіптің мінсіз сақталуы жіті назарға алынды. Сондай-ақ арнайы контингентпен жұмыс істеу барысында заң бұзушылықтар жол бермеу мәселелері қаралды. Кеңесті қорытындылаған Еркін Үсенұлы орын алған кемшілікті тез арада түзету қажеттігін ескертіп, әріптестеріне қиындығы мол қызметте сәттілік тіледі.

Ұқсас жаңалықтар