Жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 1 қараша, 2022
- 459
Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды
Қарабалаев Айтқазы Дәулетқұлұлы 1966 жылы туған.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономика», 1999 жылы Талдықорған заң институтын «құқықтану», М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетін 2008 жылы «құрылыс бакалавры», 2014 жылы «құқықтану магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласындағы №54 Тұрғын үй пайдалану басқармасының инженер-технигі болып бастаған.
Әр жылдары «Хаир Ихсан» қайырымдылық қоры директорының орынбасары, «Тигро Хауд» сауда-өндірістік қауымдастығы бөлімінің меңгерушісі, директор орынбасары, Тараз қалалық сауда, шағын және орта бизнес басқармасының бастығы, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Жамбыл облыстық жергілікті бюджеттерге алымдар және жекелеген салық төлемдерін жинау агенттігінің директоры, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымдарында еңбек еткен.
2006-2008 жылдары Жуалы ауданының әкімі, 2008-2010 жылдары «Оңтүстік» ӘКК» АҚ ҰК» өкілдігінің Жамбыл облысындағы директоры, 2010-2013 жылдары Талас ауданының әкімі, 2016-2019 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» Жамбыл облыстық өндірістік филиалы директорының кеңесшісі, «ҚазТрансГаз Аймақ» Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры, 2019-2021 жылдары Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2021 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді