Қырық хикмет жаттаған Ұлдана
Қазіргі таңда көзге түсемін, биіктен көрінемін дегенге мүмкіншілік молайды. Қай қырыңмен таныламын десең де өз еркіңде. Жамбылдық жасөспірімдер мұндай мүмкіндікті босқа жіберіп жатқан жоқ. Солардың бірі – Тараз қаласы №56 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Ұлдана Оралбай. Ол жақында Түркістан қаласында өткен «Ясауи – 2022» республикалық байқауында жүлделі екінші орыннан көрінді. Бұл ретте жүлдегер қыздың бағыт беруші бапкері, аталған мектептің тарих пәнінің мұғалімі, ұзақ жылдан бергі еңбек өтілі бар, тәжірибелі маман Шайза Баймұратованың да еңбегі ерекше. Ұстазының айтуымен Ұлдана Ясауидің 40 хикметін сіңіріп, жаттап алыпты. Ол, әрине – үлкен еңбек. Нәтижесінде республикалық додадан екінші жүлдені олжалап отыр. Бұл Әулиеата өңірінің де жеңісі.
Аталған орта мектеп директоры Нұрбол Әбдіхалық: «Білікті ұстаз Шайза Советқызы мен шәкіртіміз Ұлдана Оралбайдың жеңісіне ұжым болып қуандық. Басқа да жетістіктеріміз жоқ емес. «Оқуға құштар мектеп» аясында облыстық «Балалар оқулары» байқауында Бекболат Жолдаш екінші, «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» байқауында мәнерлеп оқудан Мөлдір Ақсәнди бас жүлдені иеленді. «Анаммен бірге оқимын» қалалық байқауында Бегасыл Есіркеп деген оқушымыз жүлделі орыннан көрінді», – дейді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
- 20 қыркүйек, 2024
АЭС – маңызды шешімдер кезеңі
- 20 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді