Үшем дүниеге келді

Үшем дүниеге келді
ашық дереккөз
Үшем дүниеге келді
Жалпақтөбе ауылында Абдуллаевтар отбасында үшем дүниеге келді. Отбасы тірегі Алинур Абдуллаев супервайзер, үшемнің анасы Умида Ашорова зертханашы болып жұмыс істейді. Ерлі-зайыптылар Айлану және Амелия есімді екі қыз тәрбиелеп отыр. Жас ана үшінші рет бірден үшемге жүкті болған. Облыстық көпсалалы аурухананың перинаталдық бөлімінде үшем қыздар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 35 аптасында 1980, 2120 және 2020 грамм салмақпен дүниеге келді. Олар Айлин, Алия және Элиф деген әдемі есімдерге ие болды. Шала туылған нәрестелер одан әрі тексеру және күтім жасау үшін аналарымен бірге неонатология бөліміне ауыстырылды.

Ұқсас жаңалықтар