Қаламгерлер «Құрмет» орденін иеленді

Қаламгерлер «Құрмет» орденін иеленді
ашық дереккөз
Қаламгерлер «Құрмет» орденін иеленді
Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен көптеген азаматтар мемлекеттік марапаттарға ие болды. Олардың арасында әулиеаталық бірқатар қаламгерлер бар. Атап айтқанда, мемлекеттік «Құрмет» орденімен «Aq jol» газетінің ұзақ жыл бас редакторы болған белгілі жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, ұзақ жылдар бойы аталған басылымда «Экономика» бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған Ақылжан Мамыт марапатталды. Сондай-ақ газетіміздің тұрақты авторы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Үміт Битенова да «Құрмет» орденінің иегері атанды. Аталған мәртебелі атақты қаламгерлерге облыс әкімі Нұржан Нұржігітов табыстады. Біз де «Құрмет» орденін иеленген қаламгерлерді құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Ұқсас жаңалықтар