Абыз ақсақалға құрмет
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Aq jol» газетінің ардагері, 94 жастағы Баттал Жаңабайұлының шаңырағына барып, абыз ақсақалмен амандасып, Республика күні мерекесімен және басылымның 100 жылдығымен құттықтады. Баттал атаға оқалы шапан, жары Фарида апайға зерделі камзол жапты. Жиырма бір жыл «Aq jol» газетінің бас редакторы болып еңбек еткен Баттал атамызға көрсетілген бұл құрмет бүкіл журналистикаға көрсетілген құрмет екені анық. Дастарқан басында ел мәселесімен қатар, «Aq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойы да әңгіме болды.
Баттал Жаңабайұлы облыс басшысына батасын беріп, ризашылығын білдірді.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




