Риторикалық сұрақ
Уа, Шераға!
Мына мен,
Себезгі ойға сына қоймас мұнар ем!
Сіз кеткелі тебінгісін сүйретіп,
Ер де, ез де етек жыйып жүр әрең!
Төр аңсайтын түрім жоқ мақтанарлық,
Кезең мынау:
Байға бай,
Жоққа ғаріп.
Айбынымды арымнан аластатты,
Айыр тілді айдаһар отқа малып.
Рух күйресе шама жоқ,
шарқ ұралық!
Жатпасымыз анық қой жалпы налып.
Ұлт ұжданын «ұмытшақ» ер қолынан,
Екіленіп, ентігіп тартып алдық.
Текте қалған тұншығып тереңдікке,
Беймазалау бақытқа бөлендік пе?!
Шала жансар елдіктің екпінімен,
Арба сүйреп барамыз кемелдікке.
Оба дедік, оқ дедік, айла дедік,
Отқа орандық,
Төзбедік ойға берік.
Бес күн дауа бола алмай шер-дертіме,
«Бір кем дүние…»
Өр рухым тойға «жерік».
Рухым тойды,
Жан жебір шерге балдай.
Тастан ауыр малынды терге маңдай.
Періштелер тәрк етті жердің бетін,
Аққу енді қонады көлге қандай?!
Пейіліне кейібі тең,
Сай бәрі!
Адамы да ақиқатқа айлалы.
Мөлдірлігін сақтап қалған жалғыз-ақ,
Мыңбұлақтың мұздай аққан қайнары.
Семсер сөздің киесіне төз мейлің,
Шақ тумайды күн кешетін сезбей мұң.
Сексен асып сізден қалған бұл ғасыр,
Бар кезең бе?
Тар кезең бе?
Білмеймін!
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, ақын.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




