Құтқарушы – мәртебелі мамандық
19 қазан – Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні. Дәл осы күні төтенше жағдайлар қызметі халық игілігі жолындағы өз жұмысын бастағаны белгілі. Айтулы мерекеге орай, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтық қорғау жүйесінің ардагерлерін тұрғылықты мекенжайларына арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады. Сонымен қатар Байзақ ауданында өрттен туындаған жарылыс салдарынан ерлікпен қаза болған өрт сөндірушілердің рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Ермек Момбаев әріптестерін айтулы мерекемен құттықтады. Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібеков пен Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрбол Қалдыбаев құтқарушыларды мерекемен құттықтап, күрделі әрі қауіпті қызметте амандық пен табыс тіледі.


Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




